Заңғар жазушының мерейтойы қарсаңында мектебімізде М.Әуезовтің шығармашылығына арналған мектеп музейі ашылды » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Заңғар жазушының мерейтойы қарсаңында мектебімізде М.Әуезовтің шығармашылығына арналған мектеп музейі ашылды
23
сентябрь
2022

Заңғар жазушының мерейтойы қарсаңында мектебімізде М.Әуезовтің шығармашылығына арналған мектеп музейі ашылды


m.auezov_128

Біздің мектебіміз жиырма жылдан астам уақыт Мұхтар Әуезов есімін абыроймен және зор мақтанышпен иеленіп келеді. Әр жыл сайын қыркүйек айы біз үшін үлкен мереке болып табылады, себебі 28 қыркүйек өзіміз есімін иеленіп жүрген қазақ халқының дана Мұхтарының, дара Мұхтарының туған күні! Биыл Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отыр.
Заңғар жазушының мерейтойы қарсаңында мектебімізде М.Әуезовтің шығармашылығына арналған мектеп музейі ашылды. Ресми салтанатты жиынға арнайы құрметті қонақтар шақырылып, лента қию құрметі Әуезов үйі ғылыми-мәдени орталығының басшысы Диар Асқарұлына, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институтының бөлім меңгерушісі, өнертанушы Аманкелді Мұқанға және ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Әуезов атындағы драма театрының актері, Хакім Абай рөлін сомдап келе жатқан – Әбділманов Болат Мәзімбайұлына тапсырылып, музейдің естелік кітабына өздерінің қолтаңбалары мен жылы құттықтау лебіздерін қалдырды. Құрметті қонақтарға музей тарихымен мектебіміздің үздік оқушылары Жақсыбек Інжу мен Нұрғазы Диас таныстырды.

Музейдің ашылу рәсімі Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты әдеби-сазды кешпен жалғасты. Кеш барысында мектеп директоры Есдаулетова Жаннат Жұмаділқызы әдеби-сазды кештің ашылу сөздерін айтып, келген құрметті қонақтарға деген алғысын білдірді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің оқушыларымен дайындаған М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” трагедиясынан үзінділер мен “Қорғансыздың күні” әңгімесінен көріністер қойылды. Сондай-ақ “Абай жолы” романынан да үзінділер оқылып, әсем ән мен күмбірлеген күйлер орындалды. Кештің нүктесін А.Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнімен мектеп ұстаздарынан құралған хор аяқтады.

Ұстаз» қалалық Кәсіподақ ұйымының басшысы Серікжан Кадірәліұлы музейдің ашылу құрметіне келген қонақтарға М.Әуезовтің кітаптарын сыйға тарту етті.

Осы шараға арнайы көрмесімен келген А.Чехов атындағы қалалық Орталық кітапхана кітапханашысы Қадірбек Айгерім кітап көрмесін таныстырды.

Ұлы жазушының қаламынан туындаған шығармаларынан нәр ала отырып, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов мәңгі бізбен бірге дегіміз келеді.

#әуезов_театры
#мұхтарәуезов
https://www.instagram.com/tv/Ci4_n2-u_pr/?utm_source=ig_web_copy_link

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: