2023-2024 оқу жылы І жарты жылдықтағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралардың есебі » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылы І жарты жылдықтағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралардың есебі
26
декабрь
2023

2023-2024 оқу жылы І жарты жылдықтағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралардың есебі

М.Әуезов атындағы №128 ЖББ мектеп бойынша
2023-2024 оқу жылындағы І жарты жылдықтағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралардың есебі

01.09.2023 жылы 1-11 сынып оқушыларына арналған «Мектеп
мейірбандық мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.

05.09.2023 жылы 9-11 сынып арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы А.Б.Қалдаровпен ДТІЖО бірлесе мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыра өтті.
05.09.2023 жылы 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерімен бірлесе «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
05.09.2023 ж 5-11 сынып қыздары арасында «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
08.09.2023 ж жасөспірімдер арасында «Салауатты өмір салтын насихаттау» челленджін ұйымдастырылды.
12.09.2023 ж 5-11 сынып ұлдары арасында «Жаман әдеттен аулақ бол» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.
12.09.2023 ж 1-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.
13.09.2023 ж. Алмалы ауданы ПБ бастық орынбасары полиция майоры Д.Ж.Нуркановпен бірлесе 6-8 сыныптар арасында «Бала құқығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
13.09.2023ж. Мектеп оқушыларына QR Кодпен жұмыс жасау нұсқаулықтарымен таныстырылды.
15.09.2023ж. «Отбасы тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналар жиналысы өткізілді.
15.09.2023ж. «Мектеп мейірбандық мекені» атты 1 сыныптарға 11 сыныптардың көрмесі ұйымдастырылды.
21.09.2023ж. «Өзін-өзі басқару» ұйымына сайлау өткізілді.
26.09.2023ж. «Әуезовтың 126» жылдығына орай бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
26.09.2023ж. «Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай » тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
28.09.2023 ж. «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де» М.Әуезовтың 126 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш, еске алуда зират басында гүл шоқтары қойылып, өлеңдері оқылды.
01.10.2023ж. «Қарттарым асыл қазынам» мерекелік кеш ұйымдастырылды.
05.10.2023ж. Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз мектептің жүрегі » атты мерекелік кеш, «Дублер күні», «Жанды дәліз» ұйымдастырылды.
10.10.2023 «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
10.10.2023 ж. М.Жумабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан жыры - мәңгілік» атты әдеби-танымдық кеш.
23.10.2023ж. Мемлекеттік Гимн орындау челленджі ұйымдастырылды.
24.10.2023ж. Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты ашық сабақ өткізілді.
28.10.2023ж. Түркістан қаласында өткен республикалық өнер байқауында Құрманғазы Сағырбайұлының «Көк ала ат» күйін орындаған 9 «Ә» сынып оқушысы Қуанышбек Қайсар бас жүлделі атанды.
30.10-04.11.2023ж аралығында “Қазақстан балалары-күзгі интерактив” күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысы және бос уақытында өткізілетін мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес футболдан 6-8 сыныптар арасында турнир өткізілді. Турнирді өткізген дене шынықтыру пәні мұғалімдері. Ұйымдастырған ДТЖЖО-лары.
10.11.2023ж. ДТЖЖО және мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына, Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы К.Т.Фарзалиева келіп «Буллинг және кибербуллингтің алдын алуға» байланысты дәріс жүргізді.
14.11.2023ж.Түркі әлемінің рухани ұстазы, ағартушығалым, ғұлама "Ахмет Яссауи өмірі мен хикметтері "тақырыбында 9" Б"сыныбы оқушылары мен тарих пәні мұғалімі Алжанова Перизат Асқарқызының ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа тарихты насихаттап, ұлтжандылыққа имандылыққа шақыру, еліне қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу. Ашық сабақ барысында оқушылар сахналық қойылым көрсетіп, Яссауи хикметтерінің сырын ашуға тырысты.
Аталмыш кешке мектеп әкімшілігі, ұстаздар, мектеп оқушылары және арнайы шақыртылған қонағымыз Шығыстанушы ғалым, қазақша кітап жазатын ағартушы, логотерапевт, "Бейсен және болмыс"," Өмірге құштар жан", "Қуыс кеуде" кітаптарының авторы, "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының негізін салушы Санжар Керімбай мырза қатысты.
Санжар мырзаның лекциясына сусынданған көрермен қимай қоштасып естелік суретке түсті.
15.11.2023ж. Абу- Дабиде өткен “Джиу Джитсудан” әлем чемпионатында мектебіміздің 10”б” сынып оқушысы Ералы Ернар жүлделі 1-ші орын иеленді. Көк туымызды әлем ареналарында желбіреткен.
16.11.2023ж. Мектебіміздің заманауи салынған стадионында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-сынып ата-аналарымен бірлесе, “Әкем, анам және мен” атты эстафеталық жарыс өткізілді. 6 кезеңнен тұратын жарыс нәтижесінде 5”б” сыныбының намысын қорғаған ата-аналарымыз Хамза Алибек Хамзаұлы, Умарова Мейрамгуль Маликқызы және Хамза Алдияр 1 орын иегерлері атанды. Жарысқа қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды айтамыз.
Жарыс мақсаты: Отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсарту, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын байқау.
17.11.2023ж. Ұлттық ойындар челленджі «Бес табан» және «Бес асық» тақырыптарында өткізілді.
18.11.2023ж. Мектебімізде 8"Ә" сынып жетекшісі С.У.Ибрайымова мен ДТІЖО Ж.Н.Бубекбаевпен А.С.Батырбаеваның ұйымдастыруымен "Арайлы алтын күз-2023" атты сайыс өткізілді.
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
20.11.2023ж. Мектебімізде “Еркін тыныс ал” тақырыбында жалпыреспубликалық флешмоб өткізілді.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал-жайына, көңіл-күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабардарлық деңгейін арттыру.
22.11.2023ж. “Атакент” көрме орталығында өткен “Білім және мансап - 2023” халықаралық білім көрмесіне мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары барып, көптеген шет елдік ЖОО ның білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерімен танысты.
23.11.2023ж. ДТЖЖО Батырбаева А.С. және мектеп психологтары Садық Н.М., Қаласқызы Г. ұйымдастыруымен 1-4 сынып ата-аналарына "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" жұмыс жоспары бойынша «Әрбір бала—жарық жұлдыз!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Сонымен қатар, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, отбасы тәрбиесін қалыптастыруда психологиялық тренинг жүргізілді.
28.11.2023ж. “Құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында және мектептің ішкі тәртіп ережелері бойынша 5,6, 7,8 сынып ұлдарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмысты жүргізген ДТІЖО Бубекбаев Ж.Н.
04.12.2023ж. М.Әуезов атындағы #128 ЖББМ “Халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылықсыз 16 күн” атты акцияның жоспарына сәйкес “Отбасы-бақыт мекені” тақырыбында 5,6 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. Ұйымдастырған ДТЖЖО Бубекбаев Ж.Н, аға тәлімгер Ғалымқызы А.
04.12.2023ж. “Халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылықсыз 16 күн” атты акцияның жоспарына сәйкес, 9-10 сынып қыздары арасында волейболдан жарыс өткізілді. 🥇орынға ие болған 9-сынып қыздары.
Ұйымдастырған ДТЖЖО және денешынықтыру пәні мұғалімдері.
05.12.2023ж. 10 А сынып жетекшісі Даниярова Назеркенің және ДТІЖО ұйымдастыруымен "ЖҚТБ ғасыр дерті" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
07.12.2023ж. "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" шеңберінде аудандық ата-аналарға "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" семинар өткізілді. Семинарға Алмалы аудандық ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің полиция майоры А.А.Баканова, №3 қалалық емхананың терапевт дәрігері А.К.Арапова, емхана психологтары А.Е.Алимбаев пен Р.М.Шуленбаева, Қалалық ғылыми-әдістемелік
білім берудегі жаңа технологиялар орталығының әдіскерлері Аманжанова Рабиға Аманжановна
Магзумова Назым Куандыковна және ауданымыздың директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, ата-аналар қауымдастығы қатысты.
Семинар өткізушілер мен ұйымдастырған: ДТІЖО А.С.Батырбаева, Ж.Н.Бубекбаев, мектеп психологтары:Г.Қаласқызы мен Н.Садық
09.12.2023ж. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Ұлы дала рухы" VI Халықаралық өнер байқауында Хореография номинациясы бойынша Ақ-Ерке би ансамблі ІІ орын иегерлері атанды. Құттықтаймыз. Жетекшісі: Куанышева Кымбат Тлеукеновна
09.12.2023ж. "Мен көшбасшымын" мектеп парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінде өз өңепін шыңдаған 10 Ә сынып оқушысы Сахбекова Анельді марапатталды. Жетекшісі: ДТІЖО А.С.Батырбаева
12.12.2023ж. “Тәуелсіздік тұғырым” тақырыбында 2”а” сынып жетекшісі С.А.Абдиханованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.
21.12.2023ж. М. Әуезов атындағы №128 ЖББМ-де Тәуелсіздік мерекесіне арналған аудандық “Бабалардың арманы, Тәуелсіздік таңдары” тақырыбында тарихи әдеби-сазды кеші өткізілді. Кешке арнайы шақырылған қонақтарымыз, ҚР БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ЖҒҚ, т. ғ. к. Шамек Баянұлы Тілеубаев, осы институттың бас ғылыми сарапшысы, ЖҒҚ, т. ғ. к. Әуезхан Қадіржанұлы Шашаев қатысты. Сонымен қатар, Алмалы ауданы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тарих пәні мұғалімдері шақырылды.Кешке арнайы,, Оқуға құштар мектеп,, жобасы бойынша кітап көрмесі де ұйымдастырылып, Тәуелсіздік таңдары тақырыбында кітаптармен таныстырылым болды.
22.12.2023ж. 3 Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Golden Star" өнер байқауында Ак-Ерке би ансаблі БАС ЖҮЛДЕге ие болды. Жетекшісі:К.Т.Куанышева
26.12.2023ж. Бугін мектеп оқушыларына Жаңа жыл мерекесімен қысқа каникул уакытында өмір қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Мереке уақытында отшашу түрлерін қолдануға болмайтындығы айтылды. Ұйымдастырушылар: ДТІЖО
26.12.2023ж. “Қош келдің, Жаңа жыл” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бубекбаев Ж.Н, Батырбаева А.С.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: