«Ұлы дала театры және М.О.Әуезов драматургиясы: тарих, бүгінгі күн» » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы дала театры және М.О.Әуезов драматургиясы: тарих, бүгінгі күн»
02
апрель
2019

«Ұлы дала театры және М.О.Әуезов драматургиясы: тарих, бүгінгі күн»

2019 жылдың  2 сәуір күні  Алматы қ., «Әуезов үйі» ҒМО-ның мәжіліс залында Халықаралық театр күнін мерекелеу аясысында «Ұлы дала театры және М.О.Әуезов драматургиясы: тарих, бүгінгі күн» атты  ғылыми семинар өткізілді.  
       
Ғылыми семинардың мақсаты: Ұлы даланың театр өнері, оның дамуы мен өркендеуінде қазақтың классик драматургі М.О.Әуезовтің алар орны мен рөлі, қазақ театрының тарих толқынындағы кешегі және бүгінгі даму үдерісін бағамдау. Театртану, әдебиеттану ғылымдарының бүгінгі таңдағы зерттеу тақырыбы болған Ұлы дала театрының ұстанған бағыт-бағдарын айқындауда қазақ өнері мен мәдениетіндегі театрдың алар орны мен рөлі зерделенеді. Ұлы драматург М.О.Әуезовтің драматургиясындағы тарих келбеті мен бүгінгі заман үдерісін, салып кеткен дәстүрін анықтау, М.Әуезовтің рухани мұрасын игерудегі кездесетін өзекті мәселелерін талқылау: мәтінтану, ұлттың мәдени кодын сақтау жолдары, рухани жаңғыруға негіз болатын тұстары айқындау; театр мен тұлға, кешегі тарих пен бүгінгі күнді пайымдау тұрғысынан бұрыннан бар түсініктер мен жаңа дәуір қалыптастырған ұғымдарға сараптама жасау болып табылады. 

Семинардың басты ұйымдастырушылары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, өнертану кандидаты Мұқан Аманкелді Оразбайұлы және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері,                филология ғылымдарының кандидаты Қонаев Диар Асқарұлы. Осы       орайда семинардың қадірменді қонағы болып М.Әуезов атындағы            №128 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің,       тарих пәнінің мұғалімдері және жас мамандары қатысты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: