Қазақстанның робототехникадан құрама командасы АҚШ-тың Хьюстон
Қазақстанның робототехникадан құрама командасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында FIRST WORLD CHAMPIONSHIP Бүкіләлемдік чемпионатында үш беделді марапатқа қол жеткізді. 6-10 жас аралығындағы Adeptus Mechanicus командасының балалары “Core Values Award” арнайы сыйлығын алды. Біздің оқушылар 110 елден 36мың жас өнертапқыштармен жарысып, тамаша нәтижелер көрсетті. Сол оқушылардың қатарында мектебіміздің 3”ә” сынып оқушысы Ескендір Ілияс та марапатқа ие болды. Ілияс жарайсың, жеңісің құтты болсын!