«Оқуға құштар мектеп» жобасы » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
30
март
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

m.auezov_128

Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды болмақ.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

Осы бағдарламалар аясында М. Әуезов атындағы №128 ЖББМ кітапхана қызметкері Алжанова Перизат мектеп оқушыларымен бірге Ұлттық орталық кітапханасына саяхаттап қайтты. Кітапхана тынысымен оқушыларды таныстырып және оқушылар кітапхана қызметкерлеріне "Оқуға құштар" жобасы бойынша сұрақтарын қойып, сұхбаттар жүргізді.
#оқуға_құштар
#128жббм
#мәдени_мұра
#ұлттық_кітапхана

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: