Жақсы сөз - жан тебірентеді » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жақсы сөз - жан тебірентеді
11
февраль
2019

Жақсы сөз - жан тебірентеді

   Бүгінгі жастардың жан-жақты тәрбиеленуінің негізгі тетігі – жас толқынның қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

       Қажеттіліктің астарында өздеріне деген сенім мен жауапкершілік, патриоттық тәрбие, білімнің биік шыңына жету, өмірде көшбасшылық қасиетке ие болу. 

       Жастарымызға қолдау көрсетуде Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл «Жастар жылы» - деп атап өткен. Мемлекеттік бағдарлама аясында, 2019 жылдың 11 ақпан күні Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің директоры Есдаулетова Жаннат Жұмаділқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, ақын ағамыз Тойлыбаев Сайлаубай Есжанұлымен кездесу кеші мектептің 9,10,11 сынып оқушыларымен өтті.

Журналист, ақын ағамыз оқушыларды жігерлендіру үшін болашақ мамандықтарынды дұрыс таңдау – бұл өмірлеріндегі ең керек мамандықты таңдау деді. Өзінің өмірі туралы былай деді, 1951 жылдың 8 мамырында Талдықорған облысы, Ескелді ауданының Жетісу ауылында дүниеге келгем. Осы жердегі орта мектептің он жылдығын 1968 жыл бітіріп, 1969-1971 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып ,1972 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірдім. Одан соң «Қайнар» баспасында редактор, «Кітап жаршысы» газетінде аға редактор,ал 1991- 1996 жылға дейін «Қазақ мұнай өнімдері» концерні Президентінің көмекшісі және Қазақ радиосында 10 жылдан астам уақыт редактор қызметтерін атқардым , деп оқушыларға айтып берді. Өзінің Талдықорған облысы , Жетісу орта мектебінің кішкентай болғанына қарамастан, сол шаңырақтан 40-қа жуық академиктер, ғылым докторлары мен өнер адамдарының шыққаны туралы оқушыларға ақпаратты айтты. Себебі адамның үнемі ізденіс үстінде жүруі, әр түрлі қырынан танып білу тек алдыға қарай жетелейді.  «Жақсы сөз - жан тебірентеді» демекші өзінің ақындық жолы мектептің қабырға газетіне кішкене өлең жолдарын жазып бергенде сыныптастарының қолдау көрсетіп, мақтау сөздерін айтқаннан-ақ басталғанын айтты. Әрбір адам алдына мақсат қойғаннан кейін, сол мақсатқа жетпей қоймайды- деген ақын сөздері оқушылар бойында құлшынысты оятқандай. Кітапті көп оқу адамға, үлкен талпыныстың болғанын қаласаңыздар, алға қойған мақсаттарына жеткілеріңіз келсе, ой сана мен сөздік қордың кеңейгенін қаласаңыздар, ең әуелі кітапқа үйір болып, шексіз ізденіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру керек , деді ақын ағамыз. С.Е.Тойлыбаев ағамыз өзінің сөзінде мектепке деген сүйіспеншілікті арттыруда ұлы тұлға М.Әуезовтың кім екенін танып білу, қабырғалардағы суреттерін үнемі көру мен кітаптарын оқу, ол үлкен септігін тигізетіні ақиқат – екені айтылды. 

       Сонымен қатар, С.Е.Тойлыбаев ағамыздың «Қазағым ай», «Тәуелсіздік таңы», «Қазақстан Республикам менің» атты CD -үнтаспада қойылған өлең жолдары тыңдалды. Оқушылар тарапынан ағамызға деген жылы лебіздері айтылып, көкейлеріндегі сұрақтарын қою мен қатар, өлең жолдары оқылды.9,10,11 сынып оқушыларының өлең әлеміне, журналистика саласына қажет болуына өзінің авторлық "Үркер ауып барады», «Өмірімнің бәрі өлең" кітаптарын сыйға тартты. 

       Республикалық "Мамандығым мақтанышым" жоба аясында ұйымдастырылған шара қортындысында, мектеп директоры Ж.Ж.Есдаулетова апайымызға "Қазақ елім-Мәңгілік Ел!" Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған Ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың жүрек жарды өлендері жазылған CD үнтаспа, "Сарноқай Саздары" 1,2 том ақын кітаптарын сыйға тартты.

      Шараға PR саласының сарапшысы Батима Кабдолданова, мектептегі жас мамандар, психолог, сынып жетекшілер қатысты.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 октябрь 2016 Мектеп директоры
08 октябрь 2013 Т?рбие ж?мысы