Мамандығым мақтанышым » 128 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мамандығым мақтанышым
25
январь
2019

Мамандығым мақтанышым

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен балы тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін сепкен диқан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаз да өз мамандықтарының иесі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қазақстан халқына арналған Жолдауында  2019 жылды   «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды.  Осы Жолдау негізінде 2019 жылдың 25 қаңтары күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандығым мақтанышым» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің қадірменді қонақтары М.Әуезов атындағы институттың өнертану кандидаты, театртанушы Амангельді Оразбайұлы Мұқан ағамыз бен «Гүлзар» қоғамдық ұйымының директоры, пиар-менеджер Кабдолданова Батима апайымыз болды. 

А.О.Мұқан ағамыз «Ешқашанда мамандық таңдаудан қателеспеңдер!» -деген сөзінен бастап  оқушылар бойына өздеріне деген сенімді ұялатты. Себебі мамандық ол өзіннің өмір бойы серігін болатынын сезінулері керек. Адам өз бойындағы түрлі шығармашылық шабыт пен қатар ән салып, би билеп, сурет салу қасиеттерін байқаса өзінің жүрегіндегі мамандықты таңдағаны дұрыс екенін атап өтті. 

Кездесу кешімізде оқушылар тарапынан түрлі шығармашылық сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.  

Сонымен қатар, қадірменді қонақтарымыздың құрметіне арнап «Әнші балапан», «Үміткеруені», «Ғұмырдария», «Рауан» республикалық өнер жарыстарының жүлдегерлері «Ақерке» би тобының орындауында «Қамажай», «Үнді» билері сыйға тарту етілді.