#128 ЖББМ-тің “Ақ-Ерке” би ансамблі өзінің есептік концертін өткізді. » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #128 ЖББМ-тің “Ақ-Ерке” би ансамблі өзінің есептік концертін өткізді.
24
май
2023

#128 ЖББМ-тің “Ақ-Ерке” би ансамблі өзінің есептік концертін өткізді.

Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.

Аққудай тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билейді ғой тербетіле - дегендей, М.Әуезов атындағы #128 ЖББМ-тің “Ақ-Ерке” би ансамблі өзінің есептік концертін өткізді. Әртүрлі байқаулардың биік шыңдарынан көрініп жүрген мектебіміздің бишілері мың бұралған би қимылдарымен бүгін де көрермендеріне керемет көңіл-күй сыйлады. Жетекшісі мектеп хореографы Куанышева Кымбат Тлеукеновна.
Сонымен қатар осы кеште мектебіміздің домбырашыларынан құралған “Сырлы саз” ансамблі де қазақ күйлерін нақышына келтіре орындады.
Ұлттық құндылықтарға негізделген Республикалық “Өркендеу жобасының” қатысушылары, мектебіміздің оқушылары осы кеште өздерінің қолдан тігілген ұлттық киімдерін көрермендерге, ата-аналарға көрсетіп, тұсау кесерін өткізді. Жетекшісі технология пәні мұғалімі Ахметова Клара Әбдіхаимқызы.
Кешті жүргізген мектебіміздің оқушысы, актер, тележүргізуші @miras.maksimov
Мектебіміздің осындай талантты да өнерлі оқушылары мен шығармашыл ұстаздарын мектеп әкімшілігі мақтан тұтады.
Ұйымдастырған ДТЖЖО Бубекбаев Ж.Н, Батырбаева А.С.
#бишілералматы
#талантты_танытайық
#өркендеужобасы
#дарындыбалалар
https://www.instagram.com/reel/Csn9VGBszAV/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MmJiY2I4NDBkZg==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: