Алғыс айту күні » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғыс айту күні
01
март
2023

Алғыс айту күні

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Бүгін мектебімізде шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі “Алғыс айту” күнін мектеп ұстаздары мен оқушылары ерекше көтеріңкі көңіл-күйде өткізді. Мектеп оқушылары өздерінің ұстаздарына деген алғыс, рахметтерін қағаз беттеріне жазып, арнайы қойылған тақшайшаларға жапсырды. Бүгінгі мереке мектеп тарихында қалары сөзсіз.
Ұйымдастырған технология пәні мұғалімі Ахметова Клара Әбдіхайымқызы және ДТЖЖО Бубекбаев Ж.Н, Батырбаева А.С.
#алғысайтукүні❤
#128жббм

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: