САНАЛЫ ҰРПАҚ- АДАЛ ҰРПАҚ » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » САНАЛЫ ҰРПАҚ- АДАЛ ҰРПАҚ
03
март
2020

САНАЛЫ ҰРПАҚ- АДАЛ ҰРПАҚ

2019-2020 оқу жылы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

2019 жылдың қыркүйек айының 20 күні мектеп психологтары тарапынан 5-10 сыныптар арасында ақша бопсалау мәселесі бойынша құпия анкеталық жұмыстар алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесі бойынша оқушылар арасында ұрлық, ақша бопсалау мәселелері анықталған жоқ. 

2019 жылдың 2 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты құрылып, мектеп директоры Ж.Ж.Есдаулетованың тарапынан 2019 жылдың 10 қыркүйек пен 2020 жылдың 14 қаңтар күндері мектеп ұжымына таныстырылып оқылды. Мектеп ұжымына және ата-аналарға мектепішілік «Ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы таныстырылды. 


2019-2020 оқу жылында ай сайын мектеп инспекторы А.Мусаевтың 7-11 сынып оқушыларына «Мен өз құқымды білемің», «Бопсалау арқылы ақша жинауға жол жоқ» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. 

Мектеп бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған. 47 еріктілер бар. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының бұрышы ұйымдастырылды. 

2020 жылдың 24 қаңтар күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелеріне жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында қысқа метражды фильмдер көрсетілді. 

2020 жылдың 18 ақпан күні “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!” тақырыбында 5-6 сыныптар арасында    суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Сынып жетекшілер тарапынан 2020 жылдың 17 қаңтар күні 1-10 сыныптар аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізуде «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаттары өткізілді.   


2020 жылдың 25 қаңтар күні  8-11 сыныптар арасында «Шыншылдық-болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл іс-шараға -195 оқушы, 10- сынып жетекші қатысты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: