“Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өз өміріңді қорғау”
1. Жол қозғалысы ережелері:
Жолда жүргенде әрқашан сақ болу керек. Жаяу жүргінші жолымен өту, бағдаршамның жасыл шамын ғана күту, көшеге жүгіріп шықпау — бұл ережелер бәрімізге таныс, бірақ оларды әрдайым орындау керек. Автобусқа мінгенде немесе түскенде де алдымен айналаға қарап, көліктердің қозғалысын байқаңыздар.
2. Су айдындарында, тауда және көшеде өзін ұстау ережелері:
Суға шомылғанда тек рұқсат етілген жерде ғана шомылыңыздар. Ешқашан жалғыз суға түспеңіздер. Тауда немесе орманда жүргенде үлкендерден алыс кетпеңіздер, белгісіз өсімдіктер мен жәндіктерге жоламаңыздар. Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, кешкі уақытта жалғыз жүрмеу де қауіпсіздіктің маңызды бөлігі.
3. Гаджеттер мен интернетті қауіпсіз пайдалану:
Интернет — білім мен ойынның көзі, бірақ онда да қауіп бар. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіздер, жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, мекенжай, телефон нөмірі) ешкімге бермеңіздер. Қауіпсіз сайттарды ғана пайдаланып, экран алдында ұзақ отырмауға тырысыңыздар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өзімізге және жақындарымызға қамқор болудың белгісі. Сондықтан әрқашан сақ болайық, ережені ұмытпайық!
Сегодня, 23 октября 2025 года, классные руководители провели меры безопасности перед осенними каникулами на тему «Соблюдение правил безопасности — защита собственной жизни».
Правила дорожного движения:
На дороге всегда будьте внимательны. Переходите улицу только по пешеходному переходу, ждите зелёный сигнал светофора, не выбегайте на дорогу. Эти правила всем знакомы, но их нужно всегда соблюдать. При посадке или выходе из автобуса сначала оглянитесь и убедитесь, что движение транспорта безопасно.Правила поведения на воде, в горах и на улице:
Купаться разрешается только в безопасных местах и никогда — в одиночку. В горах или лесу не отходите далеко от взрослых, не трогайте неизвестные растения и насекомых. На улице не общайтесь с незнакомыми людьми и не ходите в одиночку вечером — это важная часть безопасности.Безопасное использование гаджетов и интернета:
Интернет — источник знаний и игр, но там есть опасность. Не общайтесь с незнакомыми людьми, не передавайте личные данные (имя, адрес, номер телефона) третьим лицам. Используйте только безопасные сайты и старайтесь не проводить слишком много времени перед экраном.
Соблюдение правил безопасности — это забота о себе и близких. Поэтому всегда будьте внимательны и не забывайте правила!
https://www.instagram.com/reel/DQKOk5tjNIZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==