01
сентябрь
2022
М.Әуезов атындағы №128ЖББМ-те мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге және білім алушыларымызға арналған "Алғашқы қоңырау" мерекесі өткізілді
М.Әуезов атындағы №128ЖББМ-те мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге және білім алушыларымызға арналған "Алғашқы қоңырау" мерекесі өткізілді. Бүгінгі салтанатты жиынымыз атаулы мерекелер аясымен тұспа-тұс келіп отыр. Атап айтсақ ҚР-ның Рәміздеріне 30-жыл толуы, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 125 жылдығы. Сонымен қатар Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды “Балалар жылы” деп жариялаған болатын.
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! Білім күні шын мәнінде атаулы мерекеге айналды. Бұл мейрам адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалардың жүрегінде ерекше есте қалары анық. Сол себепті олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтармен ұштассын. Оқушылар мен ұстаздар үшін Бірінші Қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы болсын. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Оқуда да, еңбекте де алда болайық. Білім күні құтты болсын!#балалар_жылы_2022
#рәміздер30жыл
#білімминистрлігі
#білімкүні
https://www.instagram.com/tv/Ch91OIAuGUz/?utm_source=ig_web_copy_link