Жастар жылы аясында
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жыл «Жастар жылы» - деп айтуының өзі бүгінгі ұрпағымызды жан-жақты қолдайтынын айқындай түседі. Жастарымызға түрлі тәрбие берумен қатар, дұрыс жолды таңдауларына насихаттау жұмыстарын жүргізуде үлкен серпіліс жасай отырып, нәтижелі шешім қабылдауына көмек беруіміз керек.
М.Қ.Байбатшанов мектеп оқушыларының бойында батылдық қадам жасауда өмірден ешқандай уақытта жеңілмеу керектігін айтты. Себебі мектеп оқушылары тәрбиені алыстан емес, жанындағы ұстаздарынан, ата-анасынан, жолдастарынан алатына тоқталды. Жастарымыз жігерілене отырып, жетістікке жетіп отыруы керек. Оқушы бойын рухани байытып, өнер жолын таңдауда жүрегіміздегі шабытты оятады - дей отыра «Бабам қазақ» өлең жолдарын оқып берді.
«Аң шаруашылығы» жайлы кең әңгіме өрбітіп, өзі зерттеген бөдене жұмыртқасының адам ағзасына деген пайдасын, күш-қуаттын арттыратындығын баяндады. Оқушылардың қызығушылықтары арта түсіп, қадірменді қонаққа мамандық таңдауда түрлі сұрақтар қойып, өмірмен байланысқан нақты жауаптарын ала отырды. Оқушыларға өзінің авторлық кітаптарымен бірге, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің газетін сыйға тартты.