Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
16
апрель
2019

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

        2019 жылдың 16 сәуір күні М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия ғылымдарының докторы, доцент Бейсенов Бағдат Кабылдаевич 8-9 сынып оқушыларына "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу; жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.  Семинар кең ауқымды өткізіліп, бейнебаян көрсетілді. Оқушылар  тарапынан түрлі сұрақтар қойылып жауаптары алынды. 1. Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру, террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?- деген сұрақтарға пікірталас өткізілді. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: