Қауіпсіз интернет » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз интернет
09
апрель
2019

Қауіпсіз интернет

     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Батырбаева, сынып жетекшілер, мектеп инспекторы А.Мусаевпен  бірлесе отырып «Қауіпсіз интернет» атты іс-шара өткізілді.   Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы «қауіпсіз интернет» құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау, қылмысты болдырмау, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектепішілік ашық сынып сағаты, дөңгелек үстел, пікірталас, дәріс  түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Сәуір айының сейсенбі күндері сынып жетекшілер 5-7 сынып оқушыларына «Интернет желісі», 8-9 сынып оқушыларына «Интернеттің пайдасы» 10-11 сынып оқушыларына «21 ғасырдағы интернеттің пайдасы мен зияны» атты тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханашысы  «Интернет желісі» атты көрме ұйымдастырды. Кітапханашы оқушыларға интернеттің пайдасы жөнінде толық мағлұмат беріп өтті. Оқушылар интернеттің пайдасы туралы бірнеше мағлұмат алып шықты. 

9 «а», 9 «ә» сынып оқушылары мәжіліс залында «Қауіпсіз интернет» атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға видиофильм көрсетілді. Мектепте тақырыпқа байланысты іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: