"Өркендеу" жобасын қолға алуда... » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өркендеу" жобасын қолға алуда...
16
март
2019

"Өркендеу" жобасын қолға алуда...

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласы негізінде жасалған жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» жобасын ұйымдастыру барысында 2019 жылдың 16 наурыз күні М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің 4-8 сынып оқушылары семинар өткізді.  Жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тамшыдай болса да үлес қосу мақсатында әзірленген бұл жоба ізгі ниетті барша оқырман қауымға арналады. Атадан балаға мирас болған қазақы ұлттық тәрбиені, озық салт-дәстүрлерді «Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептері («Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі») арқылы жас ұрпаққа үзбей үйретіп, бойына сіңіру. Ұрпақ адал өмір сүруге бейімделеді. Іс-шараға мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері белсене ат салысты. Жас жеткіншектердің бойына қазақы салт - дәстүрлерді насихаттауда "Амандасу", "Азан шақырып ат қою", "Тұсау кесер", "Бесікке салу", "Қыз ұзату", "Қарты бардың қазынасы бар", "Келін шәй", "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" тақырыптарында рөлдік тақырыптар өткізілді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: