"Бас иеміз ана деген тәңірге" » 128 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-37
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-17-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бас иеміз ана деген тәңірге"
07
март
2019

"Бас иеміз ана деген тәңірге"

        М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте 2019 жылдың 7 наурыз күні мектептің мәжіліс залында 9 "А" сынып жетекшісі С.А.Досполова, 9 "Ә" сынып жетекшісі Н.Ә.Мәуленқұлдың ұйымдастыруымен өз оқушыларымен бірге "Бас иеміз ана деген тәңірге" тақырыбында үлкен мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы мен ата-аналары, мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараға оқушылар белсене қатысты және ән айтылып, билер биленіп, күйлер ойнатылып жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектеп директоры Ж.Ж.Есдаулетова жас жеткіншектерді оқытып, тәрбиелеудегі ерекше жетістіктері үшін директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Досполованы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.С.Батырбаеваны, бастауыш сынып мұғалімі Т.С.Абжанованы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі У.Т.Олжаеваны мақтау қағаздарымен марапаттады. Мерекелік іс-шарада  "Парасат" қыздар клубының жетекшісі К.Ахметованың ұйымдастыруымен ұстаздарға қазақы салт-дәстүрді насихаттауда жасалынған оюлы тәждер сыйлыққа берілді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: